Медициналық пойыз шалғай ауылдарға аттанды
Еліміздің он облысында орын алған су тасқыны жергілікті жұртшылыққа оңай соғып жатқан жоқ. Табиғи апаттың зардаптарын жою бағытында шұғыл шаралар қабылданып, тиісті көмектер көрсетілуде. Осы орайда құрамында дәрігерлер бригадасы бар медициналық пойыз да Астанадан аймақтарға жол тартты.