Шопан ауылындағы шырғалаң
Іле өзін Қамикен алмастырғаннан кейін төрт-бес қозыны қоржынға салып, үйге қарай желе жорта жөнелді. Бір қырдан асып түскен соң артына қарай салғаны сол еді, мұның отарына қарай бір салт аттының қиялап кетіп бара жатқанын көзі шалып қалды. Көңіліне күдік ұялаған Іле екі қырдан асқан соң саймен оң қа...