Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді
Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияға сілтеме жасап.
"ТЖМ "СОМ" ЖШС сейсмикалық станция желісінде 14 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 09:42-де тіркеген. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан", - делінген хабарламада.Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,1. MPV магнитудасы - 3,8.