
Жамбылда жас ана мерзімінен бұрын босатылды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеген азаматша босатылды. Сот үкімімен оның жазасының өтелмеген бөлігі жаза өтеудің неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылды.
1998 жылғы жас келіншек ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабының 3 бөлігі 4 тармағына сай кінәлі деп танылып, 2021 жылы абақтыға қамалған. Бүгінде оның 1,5 айлық сәбиі бар. ҚАЖ қызметкерлері мерзімінен бұрын еркіндікке шыққан жас ананы шығарып салу барысында оның алдағы өміріне сәттілік тілеп, қайта қылмысқа бармауын қатаң ескертті.
Айта кетейік, жас ананың құндақтағы сәбиінің денсаулығы бұған дейін түзеу мекемесіндегі медициналық бөлім қызметкерлерінің бақылауында болған еді.
Келесі мақала
ӘЛЕМДІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ СЕКТОРЫ СТАМБҰЛДА БАС ҚОСАДЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтары
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды
- авторAR-AY
- 28 мамыр, 2025
Жамбыл жаңалықтары
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды
- авторAR-AY
- 28 мамыр, 2025