Аруларды төл мерекесімен құттықтады
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №58 түзеу мекемесінің бастығы, әділет полковнигі Бекежан Мұхтаров жабық мекемеде жемісті жұмыс істейтін нәзік жанды әріптестерін мерейлі мерекелерімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Басқосу барысында ең әуелі Бекежан Мұхтаров жүрекжарды лебізін білдірді.
- Құрметті ханымдар! Көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен баршаңызды құттықтаймын! Біз ер азамат басымызбен осы саланы қиын деп атасақ та, бізбен бірге иық тіресіп, бел шешпей елге қызмет етіп жүрген сіздердің адал еңбектеріңізді бүгінде ерлік десек те болады. Сол үшін де жыл он екі ай әрқашан сыйлап, құрметтеуге тырысамыз. Себебі, әрбір ер азамат анадан жаралған, әрқайсымыздың да жарымыз, әпке-қарындастарымыз бар. «Ер адам – елдің иесі, әйел – үйдің киесі». Үйде де береке болып, қызметте де біздің жұмысымызды жандандырып отырған арулар мерекелеріңіз құтты болсын. Сіздерге дендеріңізге – саулық, отбасыларыңызға – бақ-береке, қызметттеріңізге – табыс тілеймін, - деді Б.Мұхтаров.
Мерекелік шара жеке құрам қызметкерлерін Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Алғыс хатпен марапаттау рәсімімен жалғасты. Бұл сәтте қызметте жақсы жетістіктерімен көзге түскен бір топ қыз-келіншектерге құрмет көрсетілді.
Келесі мақала