Әлеумет
Журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдардың үйлестірушісі ұсталды - ІІМ
- author AR-AY
- 28 ақпан, 2023
- 197
Журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдардың үйлестірушісі ұсталды - ІІМ
Журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдардың үйлестірушісі ұсталды, - деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырған күдікті топтың жолын кесті.
"Ұсталған топқа ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы "Қорқыту", 147-бабы "Жеке өмірге қол сұғу", 158-бабы "Журналистік қызметке кедергі келтіру", 202-бабы "Біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" және 293-бабы "Бұзақылық" бойынша айып тағылуда. Арандатушылық шабуылдардың тікелей үйлестірушісі - шетелдік азамат, білікті хакер О.Токарев Алматыда ұсталды", - делінген хабарламада.Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді Telegram-аккаунттарда "тапсырыстар" беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді.
Келесі мақала