Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ең тиімді тәсіл – қауіп-қатерді болдырмау

Ең тиімді тәсіл – қауіп-қатерді болдырмау
ашық дереккөз
Ең тиімді тәсіл – қауіп-қатерді болдырмау
Түркия мен Сириядағы 7,8 баллдық жер сікінісі қаншама мыңдаған адамның өмірін қиды. Қалалар қирап қалды. Ауыр шығынға ұшыратқан апат кезінде әлем елдері құтқару жұмыстарына қол ұшын созып, жұмыла көмектесті. Біздің елде бауырлас ұлтқа алғашқылардың бірі боп қол ұшын созған еді. Жалпы, біздің елде жер сілкінісі болу ықтималдығы жоғары мемлекет қатарына кіретінін белгілі. Сол себепті, қауіптің алдын алып, қамданған жөн. Себебі, апат айтып келмейді. Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде өткен оқу-жаттығу жиынының да негізгі мақсаты осы. Айта кетейік, жер сілкінісі ойда жоқта келгенін ескерсек, төтенше жағдай кезіндегі өз әрекеттерін алдын-ала жоспарлап қою өте маңызды. Белгілі бір жағдайда қандай әрекет жасау керек екенін білгенде, өз өмірін сақтап қалу мүмкін.  width= Жеке құрам қызметкерлерімен бірге жазасын өтеушілер де қатысқан оқу-жаттығу жиыны барысында қауіп-қатерді болдырмау үшін арнайы нұсқаулықтар таратылды. Бұдан бөлек, зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету жайына да тәжірибе жасалды. Бастысы, қандай жағдай болмасын сабырлық сақтау аман қалудың тиімді тәсілі екені айтылды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар