Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Шөлдаладағы сарбаздың жұмбақ өлімі: жыныстық зорлық-зомбылық әрекеті расталмады

Шөлдаладағы сарбаздың жұмбақ өлімі: жыныстық зорлық-зомбылық әрекеті расталмады
ашық дереккөз
Шөлдаладағы сарбаздың жұмбақ өлімі: жыныстық зорлық-зомбылық әрекеті расталмады
Бас әскери прокуратура 2022 жылдың тамызында «Шөлдала» шекара заставасының мерзімді әскери қызметшісі Б.Мираштың өз-өзіне қол жұмсау дерегіне қатысты тергеу барысын мәлімдеді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Бүгінгі күні билікті асыра пайдалану арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша күдікті ретінде сол заставаның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі тергелуде. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес ол Б.Мирашты және онымен бірге әскерге шақырылған басқа да мерзімді әскери қызметкерлерді жүйелі түрде психологиялық тұрғыда қорлап, соққыға жыққан. Күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасуда және ерекше бақылауға алынған», - деп жазды ведомстводан. Тергеу барысында болған оқиғаның барлық нұсқалары, соның ішінде жыныстық зорлық-зомбылық мүмкіндігі тексерілді. Алайда, бұл дерек расталмаған. «Адвокаттың өтінішхаттары белгіленген мерзімде қаралды және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы тәртібімен қанағаттандырылды. Адвокат С. Пралиевтің қылмыстық істің мән-жайларын жариялау жөніндегі әрекеттерінің заңдылығын уәкілетті орган, адвокаттардың тәртіптік комиссиясы қарайды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жеке өмірге, жеке және отбасылық құпияға қол сұғылмаушылықты ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жөніндегі өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды», - делінген Бас әскери прокуратура хабарламасында. Қоса кетейік, бұған дейін Алматыдағы 3650 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскери қызметші көз жұмғанын хабарлап едік. Содан соң жауынгер өліміне қатысы бар болуы мүмкін күдікті қамауда отырғаны айтылды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар