Мұражай педагогикасы әдістемесі талқыланды
Бүгін облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Мұғалімдердің кәсіби дамуындағы XXI ғасыр дағдылары» тақырыбында кеңейтілген ғылыми кеңес өтті.
Облыстық семинарға облыс әкімдігі білім басқармасының оқу- әдістемелік кабинетінің басшылары, педагогтар мен «Өрлеу» институтының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған семинарда И.В.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназияның тәжірибесі ұсынылды. Бұл жұмыс көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар аталмыш мектептің «Мұражай педагогикасы» пилоттық жобасы жалғасын тауып, облыс бойынша басқа да оқу орындарына таратылады. Пилоттық жобаны жүзеге асыруда «Болашақ» халықаралық бағдарламасының степендияты Э.Мирзаливаның жетекшілігімен пән мұғалімдерімен бірлесіп, «Музей педагогикасы» бойынша әдістемелік нұсқаулық жазу, сонымен қатар мектеп мұғалімдерімен бірлесіп мақалалар жазу сынды істер қолға алынатын болады.
Келесі мақала