Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ІШКІ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ИГІЛІГІ: Батыс Қазақстан облысымен арадағы ынтымақтастық артады

ІШКІ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ИГІЛІГІ: Батыс Қазақстан облысымен арадағы ынтымақтастық артады
ашық дереккөз
ІШКІ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ИГІЛІГІ: Батыс Қазақстан облысымен арадағы ынтымақтастық артады
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов бастаған делегация Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Топ құрамын­да ауылшаруашылығы басқармасының басшысы, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы төрағасы, шаруа қожалық жетекшілері мен кәсіпорын өкілдері болды. Олар аталған өңірдегі өндіріс ошақтарының жұмыс барысымен танысып, өзара тәжірибе алмасты. Жұмыс тобы «Оралагрореммаш» акционерлік қоғамының жұмысын көрді. Кәсіпорын 60 жылдан астам уақыт бойы ел нарығын қажетті арнайы техникамен, сыйымдылық-құю техникасымен және металл конструкцияларымен қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде онда 210 адам тұрақты еңбек етеді. Топ мүшелері «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» акционерлік қоғамына барды. Зауыт арнайы өнімдерді өндіру, жоғары технологиялық мұнай-газ жабдықтарын, энергетикалық жабдықтарды әзірлеу және өндіру бойынша Қазақстандағы жетекші кәсіпорындардың бірі. Газ турбиналық қондырғыларға сервистік қызмет көрсетеді, тазалау мен дәнекерлеудің барлық түрлерін, атап айтқанда вакуумдық дәнекерлеуді, механикалық өңдеу және басқа да қызмет түрлерін көрсетеді. Бұдан бөлек «Теректі май комбинаты» ЖШС-на барды. 2009 жылы құрылған кәсіпорын өсімдік майы мен шрот өндіреді. Өндіріс ошағының жылына 50 мың тонна шикізат өңдеуге (өсімдік майы – 19,8 мың тонна, шрот – 26,4 мың тонна) қуаты жетеді. Отандық өнім еліміздегі өңірлермен қатар, Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан сынды мемлекеттерге де экспортталады. Сондай-ақ «Гидроприбор» АҚ-ның, «Мусаева Д.» жеке кәсіпкерлігінің жұмыс барысымен танысты. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов бастаған топ Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевпен кездесті. Жиында қос өңірдің ынтымақтастығын арттыру мәселесі талқыланды. Нариман Төреғалиев өндіріс ошақтарының мүмкіндіктерін пайдалану, оларға қолдау көрсету мақсатында бірлескен жұмысты күшейтуді ұсынды. Сонымен қатар жамбылдық кәсіпкерлер өндіретін өнімдерді Батыс Қазақстан облысына жеткізіп, тікелей сату бойынша ұсыныстарын білдірді. Өз кезегінде Нұржан Нұржігітов облысымыздың мүмкіндіктері мен көрсеткіштеріне тоқталып, ұсыныстарды қолдайтынын жеткізді. Жиын қорытындысы бойынша өңіраралық ыңтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар