Жамбыл жаңалықтары
Антикор білім беру ұйымдарында ақша жинау фактілерін тоқтатуды талап етті
- author AR-AY
- 15 ақпан, 2023
- 188
Антикор білім беру ұйымдарында ақша жинау фактілерін тоқтатуды талап етті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бірлескен жоспары аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі, білім саласындағы бақылау департаменті және облыс әкімдігінің білім басқармасымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептердің туындауы талқыланды.
Шараға Тараз қаласының мектепке дейінгі және білім беру мекемелерінің педагогикалық ұжым және басшылық құрам қатысты.
Баяндамашылар өз сөзінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың статистикалық деректеріне шолу жасап, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздардың рөлі ерекше екенін атап өтті.
«Өкінішке орай, қабылданып жатқан алдын алу шараларына қарамастан, білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сейілмей тұр. Өңірде білім саласы бойынша 2019 жылы – 6, 2020 жылы – 5, 2021 жылы – 2, биыл – 6 қылмыс тіркеліп отыр. Оған себеп, аталған саладағы жемқорлық тәуекелдерінің кездесуінде, яғни жұмысқа қабылдау, сағаттарды бөлу барысында пара алу, мемлекеттік сатып алу барысында бюджет қаржысын жымқыру, тауарларды қымбат бағамен сатып алу, орындалмаған жұмыстар үшін ақша аудару, ұжымда қаражат жинау, бала асырап алу үшін құжаттар жасауға пара сұрау, лауазымды асыра пайдалану және тағы басқа»,- Антикор өкілі Даурен Омаров.
Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық мемлекеттің болашағына тікелей қауіп төндіреді. Оқу процесінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің болу фактісі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға бейім тұлғаны қалыптастыру үшін жағдай жасайды. Сондықтан, мұғалімдер өздерінің мінсіз мінез-құлығымен оқушыларға үлгі болып, олардың бойында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті, адалдық пен парасаттылықты тәрбиелеуі маңызды.
Отырыс барысында білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы тиісті шаралар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын міндеттер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы нығайту мақсатында жыл басында енгізілген жаңашылдықтар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды қорғау шаралары туралы айтылды.
Жиын барысында басқарма басшысы Дәурен Омаров құқық бұзушылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тоқталып, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.
«Агенттік қызметінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ерекше мән берілгенін атап өткен жөн. Жастар үшін ұлы тұлғалардың еңбектері мен сөздеріне негізделген "Адалдық сағаты" онлайн-сабақтары тұрақты негізде өткізіледі. Сондай-ақ, жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын "Адал ұрпақ" және "Саналы ұрпақ" мектеп және студенттік клубтары қалыптастырады»- Превенция басқармасының өкілі.
Келесі мақала