Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ұлттық дәстүрді дәріптеу

Ұлттық дәстүрді дәріптеу
ашық дереккөз
Ұлттық дәстүрді дәріптеу
Халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрінен үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін дәріптеу мақсатында «Орталықтандырылған көпшілік кіткапханалар жүйесінің филиалы Ғ. Мұратбаев кітапханасының қызметкерлері №35 орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Анаға тағзым» орталығында «Салт-дәстүрлеріміздің қыз тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шара салт – дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз бен ұлттық құндылықтарымыз туралы жүргізуші Гүлжан Бошаеваның ақпарат беруімен басталып, қазақтың салты құдалықтың жөн-жоралғыларын дәріптейтін «Қыз айттыру» және «Сырға салу» салтынан көрініс көрсетумен ұласты. Көріністе қазақтың құда түсу салты кеңінен дәріптеліп, ұмыт бола бастаған жөн-жоралғылар көрсетілді. Сонымен қатар «Ата салтым - асыл мұрам» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылып, ондағы кітаптарға кітапханашы Бағира Бұлтанқұлова библиографиялық шолу жасап өтті. Іс-шарамыз кітапхана меңгерушісі Жанагүл Тоқмырзақызы салт-дәстүр туралы жастарға айтқан сөзімен аяқталып, ән шашумен ұласты.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар