Саурықов: Әрбір жобаны соңына дейін жеткіземіз
Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов басқарма қызметкерлерімен жиналыс өткізіп, алдағы жұмыс бағыттарды жан-жақты талқылады.
Аймақ басшысының қолдауымен 2023 жылы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге қаражат қарастырылып отыр. Бөлінген қаржылар есебінен 5,6 шақырым қайта жаңғырту және 697 шақырым жолды орта жөндеумен қамту жоспарланған.
Оның ішінде 132 шақырым облыстық маңызы бар автожол, 96 шақырым аудандық маңызы бар, 474,6 шақырым елді мекен көшелері. Барлығы 391 жол жөндеу жобаларын іске асыру көзделуде.
Бөлінген қаржылар ішінде жалпы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін күтіп ұстау жұмыстары да назарымызда.
Жыл сайын құрылыс маусымында жол битумы бағасының шарықтап өсуі мен оның тапшылығы мердігерлерді алаңдатып, жобаларды іске асыруда қиыншылықтар тудырып отыратындығы жасырын емес.
Сол себепті, өңірдегі ірі жол құрылыс компаниялары қаржылық мүмкіндіктеріне қарай жол битумын мейлінше қыс мерзімінде көптеп жинақтау шараларын қабылдауда жұмыстар жүргізілуде.
Ағымдағы жылы іске асырылатын жол жөндеу жобаларына алдын-ала есеппен жол битумының қажетті қоры 118 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде, республикалық жолдарға – 95 мың тонна, жергілікті жолдарға 23 мың тонна қажетті бар.
Жалпы облыс бойынша сыйымдылығы 53,9 мың тонна құрайтын 12 битум сақтау қоймалары және 22 асфальт зауыты бар. Зауыт қуаттылығы 1930 тн/сағатына жол жабындысын шығарады. Бұл облыстың қажеттелігін қамтамасыз етеді.
Жол құрылысы және жөндеулермен айналысатын 23 мердігер ұйымның 5–уі құрылыс жұмыстарымен айналысатын ірі компаниялар.
Басқарма баспасөз қызметінің айтуынша, бүгінде бәрі құрылыс маусымына дайындық жүргізу сатысында тұр. Ел игілігіне бағытталған әрбір жобаның соңына дейін жүзеге асырылуы басқарманың жіті бақылауында болмақ
Келесі мақала