Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Петропавлдағы оқиға: екі бала жансақтау бөліміне түсті

Петропавлдағы оқиға: екі бала жансақтау бөліміне түсті
ашық дереккөз
Петропавлдағы оқиға: екі бала жансақтау бөліміне түсті
Петропавлда пышақ және балтамен қаруланған 9-сынып оқушысынан зардап шеккен екі балаға ота жасалды. Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр. Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 8.26 минут кеткенде облыстық көпбейінді балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жедел жәрдем қызметі жарақат алған үш баланы жеткізді. Жасөспірімдерде түрлі жарақат болған.
Жарақат алған балалардың біреуіне қабылдау бөлімінде көмек көрсетіліп, ол амбулаторлық ем алу үшін үйіне жіберілді. Қалған екі бала жедел түрде ауруханаға жатқызылды. Оларға дереу ота жасалды. Қазір екі баланың да жағдайы қалыпша. Балалар жансақтау бөлімінде жатыр, –  делінген хабарламада.
Бұған дейін Петропавлдағы №4 орта мектепте қаруланған 9-сынып оқушысының үш балаға шабуыл жасағаны туралы мәлімет берілген еді. Оқу-ағарту министрлігі еліміздегі барлық мектептің қауіпсіздігі тексерілетінін хабарлады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар