Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Құрылыс қарқыны артады

Құрылыс қарқыны артады
ашық дереккөз
Құрылыс қарқыны артады
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов елді мекендерді ауызсумен қамту, газдандыру және әлеуметтік нысандардың құрылысы мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев баяндама жасады. Ол өз баяндамасында өткен жылдың қорытындысы бойынша ауылдарды ауызсумен қамту көрсеткіші – 92, қалалар бойынша 92,4 пайызды құрағанын атап өтті. Барлығы 56 елді мекенді орталықтандырылған ауызсумен қамту жоспарланса, оның 25-інде құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталмақ. 26 елді мекенге кешенді блок модульдерін орнату көзделуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, 274 елді мекен (73,9 пайыз) немесе 1029,3 мың адам (89,5 пайыз) көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Биыл 22 елді мекендегі 26 485 тұрғынды көгілдір отынмен қамту жоспарлануда. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2025 жылға қарай облыс тұрғындары сапалы ауызсумен 100 пайызға қамтамасыз етілуі тиіс. Жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуді тездету қажет. Аудандар мен тиісті басқарма өзара тығыз байланыста жұмыс жүргізбесе нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Бұл мәселе бірінші рет талқыланып отырған жоқ. Қажетті құжаттарды дайындауда жайбасарлыққа салмаңыздар, – деді Нұржан Нұржігітов аудан әкімдеріне. Аймақ басшысы жылу желілерін қайта жаңғырту жобаларын әзірлеудегі кемшіліктер үшін тиісті басқарма мен аудан әкімдіктерінің жұмысын сынға алды. Басқосу барысында әлеуметтік нысандар құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау мәселесі де сараланды. Биыл 191 нысанның құрылыс жобаларын іске асыруға 42,6 миллиард теңге бөлінді, оның ішінде 141 нысан ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек. 14 білім беру, 10 денсаулық сақтау, 17 спорт, 11 мәдениет нысанын салу жоспарлануда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар