Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты осы елдің басшысы Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Түркия Республикасында болған аса күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бүкіл түрік ағайындарымыздың ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.Сонымен қатар, президент Қазақстанның Түркияға тиісті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.