Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚЫМБАТ

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚЫМБАТ
ашық дереккөз
АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚЫМБАТ
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Берікбол Ұзақұлының қатысуымен брифинг өтті.  Естеріңізге сала кетсек, былтыр 5 қарашада Мемлекет басшысы «ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңға қол қойған. Міне, содан бері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, оларды сақтау мен құрметтеудің мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген жауапты мемлекеттік лауазымды атқарып келеді. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адам және азаматтың негізгі құқықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Ата Заңға сәйкестігі мәселесі бойынша Конституциялық Сотқа жүгіне алады. Уәкіл өз қызметін жүзеге асыру кезінде заңдылық, әділдік, бейтараптық, объективтілік, жариялылық, ашықтық, айқындық қағидаттарын және ҚР Конституциясында бекітілген басқа қағидаттарды басшылыққа алады. Брифинг спикері Берікбол Ұзақұлы өтінішті беру тәсілін және мәселенің шешілу мерзімі туралы да түсіндіре кетті. – Уәкіл Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке өздері немесе өкілдері арқылы берген шағымдарын келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде өз құзыреті шегінде қарайды. Азаматтың құқықтарын қорғау мақсатында оның жазбаша келісімімен қоғамдық бірлестіктер уәкілге жүгіне алады. Шағымды қарау мерзімі уәкілдің шешімімен екі айға ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіге мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады. Өтінішті үш тәсілмен – «е-Өтініш» порталы немесе пошта арқылы және қолма-қол беруге болады, – деді Б.Ұзақұлы. Облыстағы өкіл Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атынан және оның тапсырмасы бойынша өзінің функционалдық міндеттері шеңберінде өкілеттіктерді жүзеге асырады. Ең алдымен, бұл уәкілге өз құқықтарын қорғау үшін жүгінген, әсіресе ауылдық аймақтарда тұратын азаматтарға қажет.

Аяулым ЖАМАНҚАРА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар