Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ИДЕОЛОГИЯ САЛАСЫНДА ІЛКІМДІ ІС КӨП

ИДЕОЛОГИЯ САЛАСЫНДА ІЛКІМДІ ІС КӨП
ашық дереккөз
ИДЕОЛОГИЯ САЛАСЫНДА ІЛКІМДІ ІС КӨП
Облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаевтың төрағалығымен өткен алқа отырысында облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев 2022 жылғы қорытынды есебі мен 2023 жылы атқарылатын жұмыстар туралы есеп берді. Жиында Алмас Қадырбекұлы өткен жылы қол жеткізілген нәтижелерге жан-жақты тоқталып, биылғы жылдың жоспарымен бөлісті. Баяндамашының айтуынша, өткен жылы 10 000-нан астам қоғамдық-саяси, мәдени іс-шаралар өткізіліпті. Республика көлемінде А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы, М.Әуезовтің – 125, Д.Қонаевтың – 110, А.Асқаровтың – 100, Ш.Мұртазаның – 90, облыс көлемінде А.Бекбосынның – 85, Н.Дәутайұлының – 75, Б.Ертаевтың – 70, облыстық «Aq jol» газетінің 100 жылдығы сынды мерейтойлар жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Ал 2023 жылы Сұлтан Бейбарыстың – 800, Төле бидің – 360, жазушы, ақын Дулат Шалқарбаевтың – 100, жазушы Әкім Таразидің – 90, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Пернебай Дүйсенбиннің 80 жылдығы сынды белгілі тұлғалардың мерейтойларын кең көлемде атап өту, одан бөлек мемлекеттік және ұлттық мерейтойларды жоспарға сәйкес ұйымдастыру жоспарлануда екен. Сондай-ақ А.Садубаев облыс әкімінің тапсырмасына орай ағымдағы жылы зиялы қауым өкілдерінің туындыларын шығару жұмыстары қолға алынып, оған облыстық бюджеттен 50 миллион теңге қарастырылғанын айрықша атап өтті. Келесі кезекте басқарма басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөліне тоқталып, сала мамандарын қолдау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. – 2022 жылдың қорытындысы бойынша, облыс аумағында 81 БАҚ ресми тіркелген. Есепті кезеңде ақпараттық саясатты жүргізу үшін облыстық бюджеттен 869,4 миллион теңге бөлінді. Тараз қаласы мен аудандар бөлінісінде мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа 470 миллион теңгеден астам қаражат бөлініп, игерілді. 2022 жылы БАҚ арасында облыстық және аудандық деңгейде 10 конкурс өткізіліп, 77 келісімшарт жасалды. Ал басқарманың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен барлығы 226 брифинг өткізіліп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде жүргізілді. Жалпы есепті кезеңде жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында 55 033 материал орналастырылды. Өз кезегінде контентті толтырудан басқа, сондай-ақ басқарма тарапынан сыни материалдарды анықтауға бағытталған мониторинг жүйелі түрде жүргізілуде. Кері байланыс бойынша облыстағы жергілікті атқарушы органдарға қатысты 2 798 сыни сауал жарияланған. Сауалдардың басым көпшілігі денсаулық сақтау, білім, ветеринария басқармалары мен Тараз қаласына қатысты. Сонымен қатар өңірлік коммуникациялар қызметі 2023 жылы түрлі бағыттағы 15 ауқымды жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр, – деген Алмас Қадырбекұлы азаматтық қоғам институттарымен де жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ жиында биылғы жылдан бастап «Aulieata-Media» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты «Aq jol», «Знамя труда», «AR-AI» газеттерінің тілшілеріне қаламақы беру мәселесі шешімін тапқанын айтты. Бұл мақсатта биыл 12 миллион теңге бөлініпті. Алдағы уақытта қаламақыға қосымша тағы 10 миллион теңге бөлу жоспарлануда. Сонымен қатар аталған газеттердің тұрақты авторларына да қаламақы берілмек. Басқарма басшысының баяндамасын мұқият тыңдаған Еркін Құлымбайұлы «Қоғамдық келісім» мекемесі мамандарының айлығын көтеру және тағы да басқа мәселелер бойынша сауалын жолдады. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аталған мекеме мамандарының айлығын көтеру бойынша тиісті жұмыстар атқарылған. Бір апта көлемінде тиісті құжаттары толығымен бітіп, мамандардың айлығы 50 пайызға ұлғаймақ. Басқосуда «Aulieata-Media» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Оралхан Дәуіт баяндама жасап, облыстық газеттердің бүгінгі ахуалы жайында мәлімдеді. О.Әбдірашұлы облыс әкімінің қолдауының арқасында талай уақыттан бері айтыла-айтыла ақжем, жазыла-жазыла жауыр болған қаламақы мәселесіне нүкте қойылғанын және биыл Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Алқа отырысында азаматтық қоғам институттарының жұмысы, этносаралық қарым-қатынасты нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен талқыланды.

Т.БЕРІКБАЙҰЛЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар