Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ХТИИ – «HUAWEI» академиясының серіктесі

ХТИИ – «HUAWEI» академиясының серіктесі
ашық дереккөз
ХТИИ – «HUAWEI» академиясының серіктесі
Жақында Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «HUAWEI» ақпараттық және желілік технологиялар академиясының серіктесі атанды. «HUAWEI» академиясы – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытында жоғары сапалы мамандарды дайындаудың заманауи платформасы. Бұл білім беру материалдық-техникалық ресурсы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін тұғырнама болады. «HUAWEI» академиясы жаңа технологияларды меңгеруге, «HUAWEI e-learning» оқу ресурстарына, программалық құралдарға қол жеткізуге, студенттерге ерекше білім беру бағдарламаларын ұсынуға, оқытушылар мен студенттерді оқытуға және сертификаттауға, сондай-ақ бітіруші студенттерді жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Институттың заманауи технологиялық жобаларды іске асырудағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар