Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Жүгенсіз» жасөспірімдерді жөнге кім салады?

«Жүгенсіз» жасөспірімдерді жөнге кім салады?
ашық дереккөз
«Жүгенсіз» жасөспірімдерді жөнге кім салады?
Кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында облыстың полиция қызметкерлері үнемі рейдтік іс-шаралар кешенін өткізеді. Кезекті рейд жұмыстары барысында 8 ойын-сауық мекемесінде сағат 22:00-ден кейін ересектердің ертіп жүруінсіз болған 20 жасөспірім анықталды. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 442-бабының 1-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы) әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал ойын-сауық мекемелерінің иелері ҚР Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол беру) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төледі. Сонымен қатар 21 жасқа толмаған адамға ішімдік сату деректері бойынша үш дүкеннің иесі ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы 1-бөлігімен (ҚР-ның алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнамасының талаптарын бұзу) жауапкершілікке тартылды. 7 күн ішінде облыста 43 рейд жүргізілді, оның барысында ІІО-ға 62 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. 132 ата-ана мен өзге де ересек адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 6 жасөспірім және 2 қолайсыз отбасы есепке алынды. Қаңғыбастық үшін Кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығына 2 жасөспірім орналастырылды. – Ювеналды полицейлердің жалпы міндеті – балалар өмірінде болуы мүмкін мәселелердің алдын алу және қиындықтардан қорғау. Ата-аналарға хабарласып, балаларының бос уақыты мен қоршаған ортасын бақылап, назарда ұстауын ескертеміз. Кәмелетке толмағандардың түрлі заңға қайшы әрекеттер жасауы көбіне ата-ана мен бала арасындағы тәрбие байланысының болмауынан туындауда, – дейді облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының аса маңызды тапсырмалар жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Әлішер Қалышев.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар