ҚҰС КЛАСТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ МАҚСАТ
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Алел Агро» АҚ өкілдерімен кездесті. Оған бірқатар аудан әкімдері мен облыс орталығының басшысы онлайн режимде қатысты.
«Алел Агро» АҚ облыста ет бағытындағы құс шаруашылығын дамыту бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Жиын барысында құс етін өңдейтін фабрика мен жем зауыты құрылысының жобасы, жер телімдерін бөлуге қатысты мәселелер талқыланды. Фабриканың жобалық қуаты – жылына 49 500 тонна құс етін өндіру. Бүгінде Байзақ ауданында қуаттылығы сағатына 20 тоннаны құрайтын жем зауыты іске қосылған.
Сондай-ақ компания келісімшарттық негіздегі шаруашылықты да дамытуды көздеп отыр.
– Біздің ортақ мақсатымыз – құс кластерін қалыптастыру, ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз ету, сонымен қатар экспорттық әлеуетті арттыру, – деп түйіндеді аймақ басшысы.
Нұржан Нұржігітов аудан әкімдеріне, ауылшаруашылығы басқармасына және «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына нақты тапсырмалар жүктеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Келесі мақала