Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда субсидияның 10 түрі жойылады – АШМ

Қазақстанда субсидияның 10 түрі жойылады – АШМ
ашық дереккөз
Қазақстанда субсидияның 10 түрі жойылады – АШМ
Қазақстанда шаруаларға арналған субсидияның 10 түрі жойылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек мәлімдеді, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап. Былтыр президенттің тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесін жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілген. «Субсидиялау жүйесін реформалаудың негізгі міндеті – азық-түлік қауіпсіздігін сақтау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, фермерлер қоғамдастығының пікірін барынша ескеруге, ауылдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға, сондай-ақ ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен жеткілікті көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін келісілген нұсқасы әзірленді», - деді Әбілхайыр Тамабек министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде. Вице-министрдің айтуынша, сүтке, құс етіне және жұмыртқаға тауарлық-спецификалық субсидиялар бойынша субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалады.
Тиімділігі төмен және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары субсидияның онға жуық түрі жойылады. Негізгі мемлекеттік ақпараттық базалармен интеграцияланған субсидиялаудың тегін мемлекеттік ақпараттық жүйесі енгізіледі. Субсидиялардың қолжетімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге «күту парақтары» енгізілді, - деді министрдің орынбасары.
Әбілхайыр Тамабек бүгінде субсидиялау қағидаларының барлық жаңа жобасы мемлекеттік органдарда келісу рәсімінен өтіп жатқанын, жақын арада бекітілетінін жеткізді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар