Заң
Саны реттелетін жануарларды аулауға бөлінген лимит толық игерілді
- author AR-AY
- 13 қаңтар, 2023
- 197
Саны реттелетін жануарларды аулауға бөлінген лимит толық игерілді
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі №258 бұйрығына сәйкес, жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай зиян келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс түрлерінің тізбелерінде сүтқоректілерден қасқыр, шибөрі аңдары және құстардан қарға құсы саны реттелуге жататын жануарлар түрлері болып есептелінеді.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 45 бабына сәйкес, санын реттелетін жануарларды реттеу биологиялық негіздемеге сәйкес жүргізілді.
Биологиялық негіздемеге сәйкес Жамбыл облыс аумағында саны реттелетін қасқыр мен шибөрі аңдарын аулауға бөлінген лимит толығымен игерілді.
Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Қазақстанның екі үлкен қаласында бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды.
- авторAR-AY
- 20 қараша, 2024