Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сайлаудан кейін Сенатқа жаңа адамдар депутат болып келеді – Мәулен Әшімбаев

Сайлаудан кейін Сенатқа жаңа адамдар депутат болып келеді – Мәулен Әшімбаев
ашық дереккөз
Сайлаудан кейін Сенатқа жаңа адамдар депутат болып келеді – Мәулен Әшімбаев
Сайлаудан кейін Сенатқа жаңа адамдар депутат болып келеді. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «14 қаңтарда сайлау өтеді. Осы орайда 20 сенатор сайланатын болады. Әр өңірден бір депутаттан келеді. Қазір 20 орынға 64 кандидат тіркелген. Демек, бір орынға 3 кандидаттан келіп тұр. Бұл өз кезегінде бәсекелестік бар екенін білдіріп отыр. Осы 64 кандидаттың арасында 30 пайызы әйел адамдар екені құптарлық үрдіс», - деді М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып. Сонымен қатар ол сайлаудағы кандидаттардың арасында төртеуі қазіргі сенаторлар екенін айтты. «Олар негізінен былтыр жаңадан құрылған облыстардан келген сенаторлар. Сол себепті Сенатқа жаңа адамдар депутат ретінде келетінін атап өткен жөн. Қоғамда қазір жаңа адамдарға деген сұраныс бар. Сондықтар Парламентке, Сенатқа жаңа адамдар келіп жатыр деп айтуға болады», - деді Сенат төрағасы. Еске салсақ, 2023 жылдың 14 қаңтарында еліміздің 20 өңірінен бір-бір Сенат депутатын сайлау өтеді. Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәулен Әшімбаев Қазақстанда «Құрметті сенатор» атағы ешкімге берілмейтінін айтты.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар