Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Алтын белгі» үміткерлерінің білімін Назарбаев зияткерлік мектебінде тексеру ұсынылды

«Алтын белгі» үміткерлерінің білімін Назарбаев зияткерлік мектебінде тексеру ұсынылды
ашық дереккөз
«Алтын белгі» үміткерлерінің білімін Назарбаев зияткерлік мектебінде тексеру ұсынылды
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Алтын белгіге» үміткер оқушылардың білімін тексеру туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Тағайындалған күннен бастап маған түрлі мәселелер бойынша жүздеген өтініштер келіп түседі. Олардың арасында «Алтын белгіге» үміткер оқушылардың білімін Назарбаев зияткерлік мектебінде тексеру мәселесі де бар. Бұл мәселені өзім қайта қараймын және балалардың пайдасына шешім қабылданады. Қоғамнан келіп түскен басқа да мәселелер ортақ шешім қабылдау үшін бірлескен талқылауға шығарылады», - деді Ғани Бейсембаев елордада өткен министрліктің алқа отырысында. Министрдің айтуынша, білім беру сапасын бағалауда басты назар ішкі және сыртқы бағалау құралдарына бағытталады. Мектепке дейінгіден бастап ТжКБ-ға дейінгі барлық деңгейде білім беру сапасын бағалаудың ұлттық шеңберін әзірлеу жоспарланған.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар