Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

AМANAT»-тың араласуымен талай түйткілді мәселелер оң шешімін тапқан

AМANAT»-тың араласуымен талай түйткілді мәселелер оң шешімін тапқан
ашық дереккөз
AМANAT»-тың араласуымен талай түйткілді мәселелер оң шешімін тапқан

Бүгінде «AМANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жүгінетін адамдардың қарасы қалың. Барар жер, басар тауы қалмаған халықтың базынасына басу айтып, түйінді түйткілдерін шешіп беруде жетекші партия көпке үлгі көрсетіп жатыр. Қазіргі таңда партия облыстық филиалында 12 қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істеп тұр. Оларға өткен жылы4166 өтініш түсіп, оның 2266 немесе 55% оң шешілуіне тікелей ықпал етіліп, 1900 немесе 45%-ы бойынша түсініктемелер берілді.

Партия облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Үмітбала Ибраймованың айтуынша, қабылдауларда көтерілген басты мәселелердің 53%-ы әлеуметтік көмекке мұқтаждық бойынша, 11%-ы тұрғын-үй коммуналдық мәселелер, 7%-ы денсаулық сақтау,  6%-ы баспана және жер учаскесін алу, 4%-ы еңбек құқығын қорғау оның ішінде жұмысқа орналасу, заңсыз жұмыстан шығару және еңбекақы өндіруге қатысты екен.

Сонымен қатар басқа да бағыттар бойынша да түрлі талап-тілектер назарға алынған. Атапайтқанда білім беру, кәсіпкерлікті қолдау, несиелендіру және субсидия алу, ҚР азаматтығын алу, халықты құжаттандыру, агроөнеркәсіптіккешен, жайылым жер, сот және құқық қорғаужүйесі мен тағы да басқа шағымдар қаралған.

Жыл басынан бері жалпы 1395 қоғамдыққабылдау өткізіліп, онда 3729 азаматтың мәселесіқаралды. Оның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары тұрғындарға 19 жеке қоғамдық қабылдау өткізіп, 112 азаматтың ұсыныс-тілегін тыңдады. Мәслихаттағы партия фракциясы депутаттары да 475 қабылдау жүргізіп, 1123тұрғынның мәселесін тыңдап, 472 азаматтың мәселесінің оң шешілуіне атсалысты. Бұдан бөлек әкімдер, әкім орынбасарлары, жергілікті мемлекеттік органдар, департамент және басқарма басшылары, партияның атқарушы хатшылары, заңгерлер және адвокаттар, медиатор қызметкерлері өңір халқының мәселесін заң аясында қарады, – дейді Ү.Ибраймова.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев Партияның кезектен тыс ХХІІ Съезінде партия жұмысын қайта жаңғыртуды, сонымен қатар, халықпен кері байланыс орнату мақсатында еліміздің шалғай елді мекендерінде көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізуді тапсырған болатын. Бұл орайда, «АMANAT» партиясының Жамбыл облыстық және аумақтық филиалдарының ұйымдастыруымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен жергілікті атқарушы орган басшыларынныңқатысуымен мобильді қоғамдық қабылдау тобы 2022 жылдың 18 наурызынан бастап 9 желтоқсанға дейін барлығы 149 ауылдық округте қабылдаулар өткізіп, 351 елді мекеннің тұрғындары қамтыпты. Қабылдау кезінде 4402 адам қабылданып, ауыл тұрғындарынан барлығы 2491  өтініш түскен. Оның 872 немесе 35% оң шешімін тапқанын айта кеткен жөн.

Мобильді қоғамдық қабылдаулар барысында 7 елді мекеннің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесі шешілсе, 14 елдімекен тұрғындарының денсаулық сақтау мәселелеріне партия тікелей атсалысқан.

Сонымен қатар, 5 елдімекеннің білім саласына қатысты мәселелері оң шешімін тауып,  4 елдімекен тұрғынына ҚР азаматтығы алып берілдіжәне 8 елдімекен азаматы жұмысқа орналастырылды. Отбасы жағдайы төмен азаматтарға материалдық көмектер көрсетіліп,бірқатар елді мекен тұрғындарының құжаттары реттелген.

Жуырда партия Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 6 айдан бері азаматтық ала алмай жүрген Нұрбек Асанбаев өтініш айтып келеді. Тараз қаласына Өзбекстан мемлекетінен көшіп келген қандасымыз Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы мен Халыққа қызмет көрсету орталы­ғы­ның есігін қағып, табалдырығын тоздырғанымен ел азаматтығын ала алмапты. Азаматтық ала алмаған соң тұрақты жұмысқа да ешкім қабылдамаған. Жігері жығылып, салы суға кеткен Нұрбекке осы тұста таныстары «AМANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалынан көмек сұрауға кеңес береді.

– Шынымды айтсам, партия облыс­тық филиалына бірінші рет келуім емес. Осыған дейін балаларымды мектепке орналастыруда қиындықтар туып, алайда партия өкілдері облыс орталығындағы №36 орта мектепке қабылдатқан еді. Дегенмен азаматтық алу бойынша өтініш айту ойымызға келмепті. Танысымыз айтқан соң бірден келдік. Алты ай құр сандалғанымызды ойласам жаным ауырады. Осы аралықта шешілмеген мәселеміз бір аптаға жетпейтін уақытта шешілді. Енді менің отбасым осы елдің толыққанды азаматы, – дейді қуанышы қойнына сыймаған Нұрбек Асанов.

Партия филиалдары тарапынан «кері байланыс» орнатылып, түскен барлық арыз-шағымдардың тиісті деңгейде қаралып, орындалуы тұрақты бақылауда ұсталып, әрбір арыз иесіне қысқа мерзімде жауаптар берілуде, ең бастысы өтініштері заң аясында қанағаттандырылып, түсініктемелер берілуде. Қабылдау өтетіні туралы хабарландырулар әлеуметтік желілерде алдын ала жарияланады.

Партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелері бұдан әрі де халықтың өтінішін, талап-тілегін тыңдап, шешілуіне ықпал ету жолында аянбай еңбек ете бермек.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар