Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Премьер-Министр: Міндетіміз – биыл инфляцияны 2 есе төмендету

Премьер-Министр: Міндетіміз – биыл инфляцияны 2 есе төмендету
ашық дереккөз
Премьер-Министр: Міндетіміз – биыл инфляцияны 2 есе төмендету
Инфляцияға ең алдымен азық-түлік бағасының өсуі себепші болып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Баға өсімін ұстап тұру жұмыстары басты назарда болуы тиіс. Өткен жылдың қорытындысы бойынша инфляция 20,3 пайызды құрады. Инфляцияға ең алдымен азық-түлік бағасының өсуі себепші болып отыр. Яғни, салалық министрліктер мен әкімдіктер бұл мәселе бойынша қажетті іс-шараларды жеткілікті қабылдай алмады. Біздің міндетіміз – биыл инфляцияны 2 есеге төмендету. Ол 9,5 пайыз шегінде болуы керек. Бұл – өте күрделі міндет. Сондықтан, кез-келген проблеманың алдын-алу шараларына баса мән беріп, жұмыла әрекет етуіміз қажет», - деді Әлихан Смайылов. Оның атап өтуінше, кәсіпкерліктің дамуы тұрақты ұлттық экономиканың маңызды факторы саналады. «Бизнеске қатысты жаңа реттеушілік саясат түсінікті әрі әділ болуға тиіс. Биыл тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру арқылы бақылаудың тиімділігін қамтамасыз ету керек. Осы жылы шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 3,8 млн адамға дейін арттыру қажет. Бұл міндетті әкімдер жеке бақылауда ұстауы тиіс», - деді Үкімет басшысы.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар