Сенат сайлауы: 14 қаңтарда дауыс беру қалай өтеді?
Қазақстанда 2023 жылдың 14 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтеді. Осы орайда Arainfo.kz тілшісі Сенат сайлауы қалай өтетіні туралы толыққанды мәліметті ұсынады.
Сенат депутаттарының сайлауы қалай өтеді?
Кандидаттарды ұсыну 29 қарашада басталып, 14 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталды. Үміткерлерді тіркеу 29 қараша мен 24 желтоқсан сағат 18:00-ге дейін жалғасты.
Парламент Сенаты депутаттарының 20 мандатына ұсынылған 130 үміткердің 66 кандидаты тіркелді.
13 қаңтар – тыныштық күні болып белгіленді. 14 қаңтар дауыс беру күні.
Кандидаттар қалай ұсынылады?
- Біріншісі облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандық мәслихаттардың сессияларында саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер мәслихаттардың өкілдері арқылы Парламент Сенатының депутаттығына кандидатуралар ұсынады. Бұл ретте бірнеше мәслихаттан бір кандидат ұсынылуы мүмкін;
- Екінші жолы кандидат өзін-өзі ұсынады.