Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Отан үшін отқа түс, күймейсің!»

«Отан үшін отқа түс, күймейсің!»
ашық дереккөз
«Отан үшін отқа түс, күймейсің!»
Бүгінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің негізін ұрысқа қабілетті, қазіргі заманғы техникамен және қару-жарақпен жарақтанған, қуаты мен ұтқырлығы жоғары, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шеше алатын жоғары технологиялы, кәсіби армия құрайды. Отан қорғаудағы қасиетті борыш – тек қана қанды қырғын, шабуыл-шайқаспен ғана өтелмейді. Отанды еліміздің күш-қуатын нығайта отырып, бейбіт уақытта да қорғауға болады. Отан үшін аянбай еңбек ету, Қарулы Күштердің қатарын толықтыру – патриоттық іс. Ермін деген әрбір ер- азаматқа әскерге бару – Отан алдындағы қасиетті борыш саналады. Бүгінгі таңда әскерге шақыру науқаны қызған шақ. Осы әскерге шақыру жұмыстары Түркістан ауылдық округінде де қызу атқарылуда. Ауылдық округте күрд ұлтының 90 пайызы (400-ге жуық) қоныстанған. «Ауылымыз аралас, қойымыз қоралас» дегендей, ағайындай болып кеткен бұл кісілер толығымен мемлекеттік тілде еркін сөйлейді. Бұл ұлттың сталиндік репрессияға ұшырап, осында қоныстанғандарына да 85 жылдан астам уақыт өтіпті. Қазіргі буынының барлығы осында туып-өсіп, Қазақстанды ғана мемлекетім деп таниды. Күзгі әскерге шақыру науқанында Отанымызды қорғауға Арыстанды ауылының тұрғыны, күрд ұлтының өкілі Ибрагим Алиев те өз үлесін қосып отыр. Анығын айтқанда, жергілікті жердегі қорғаныс істері жөніндегі бөлімге барып, медициналық тексеруден өтіп, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Азаматтық борышын өтеуде Қарағанды облысында Ұлттық Ұланның қатардағы жауынгері болып қабылданды. Бұл да болса еліміздегі ұлттар татулығының бір көрінісі емес пе?! Ұлттар мен ұлыстардың бір тудың астына бірігіп, ата-баба аманаты болып қалған ұлан-байтақ қазақ даласын аман сақтап, бейбіт күнде баянды тіршілік етуі тәртіп пен тәрбиеге байланысты. Мұны «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, отбасыдағы отансүйгіштік тәрбиенің бір ұшқыны санасына жастай сіңіп өскен сарбаз Ибрагим Уакилұлының бойындағы патриоттық сезім деп білгеніміз жөн. Жанысбек АРЫСТАНБЕКОВ, Түркістан ауылдық округі әкімі аппаратының бөлімше басшысы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар