Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда оқу ақысы қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда оқу ақысы қымбаттауы мүмкін
ашық дереккөз
Қазақстанда оқу ақысы қымбаттауы мүмкін
2025 жылдан бастап елімізде оқу ақысы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni тілшісі. Өткен жылы мемлекеттік гранттың басым бөлігі техникалық мамандықтарға берілген. «Былтыр мемлекеттік тапсырыс көлемі 10%-ға артты. Оның ішінде алғаш рет мемлекеттік тапсырыстың 60%-ы техникалық бағыттарға орналастырылды. Студенттердің шәкіртақысы 20%-ға өсті», - деді Саясат Нұрбек министрліктің кеңейтілген алқа отырысында. Оның айтуынша, жоғары білім интернализациясы шеңберінде QS рейтингінде 16 жоғары оқу орны бар.
Үш университет Times Higher Education рейтингіне енді. Шетелде қазақстандық жоғары оқу орнының 3 филиалы ашылды, - деді министр.
Сондай-ақ Саясат Нұрбек президенттің сайлауалды бағдарламасына тоқталды. «Президент жеті жылға сайланды. Алдымызда 7 жылға үлкен жоспарлар тұр. Күмәнға орын да, уақыт та жоқ. Бәріміз бірігіп, берілген тапсырмаларды жүзеге асыруға атсалысуымыз керек. Алдымен жоғары оқу орнының басшыларына бәріміз бір команда болып, тапсырмаларды сапалы орындауға күш салу керегін айтқым келеді... Конституцияға өзгерістер енгізілді. Сайлау өтті. Президент сайланды. Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындау үшін 7 жыл жұмыс істеу керек», - деді ведомство басшысы. Министр Қазақстанда оқу ақысы қымбаттауы мүмкін екенін атап өтті. «Біріншіден, 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясын 2 есе өсіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ 2025 жылдан келесі кезеңге стипендия тағы осынша артады. Сондықтан бюджеттегі тиісті қаржы көлемін ескеру керек. Біз біртіндеп грант құнын арттырамыз. Себебі, жоғары оқу орындары стипендия мен оқытушылардың жалақысын өсіруге мүмкіндік берілуге тиіс. Екіншіден, барлық студенттің халықаралық цифрлық кітапханаларға тегін қосылуына жағдай жасау қажет. Бұл білім алу үшін маңызды», - деп сөзін түйіндеді Саясат Нұрбек.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар