ЕЛ АМАН, ЖҰРТ ТЫНЫШ, БАУЫР БҮТІН БОЛСЫН!
Бас прокурор Берік Асылов 5 қаңтар күнгі мәжілістің жалпы отырысында Қаңтар оқиғасына дайындық жыл бойы жүргізілген деп мәлімдеді.
Ол Республикамызда орын алған 2022 жылдың қаңтарындағы қасіретті оқиғаға байланысты көптеген мәліметтерді бүгін халыққа ашық жеткізіп отыр.
«2021 жылы жыл бойы жасырын түрде радикалды шара қолдану үшін орындаушыларды дайындау жүргізілгенін ғана айта аламын. Орындаушылардың қатарында ұйымдасқан қылмыстық топтар болған. Олар адамдарды жинап, қаруландырған, рация және көлік сатып алған. Тергеу анықтағандай, осы бүлдіргі әрекеттердің басында күш құрылымдарыының жекелеген өкілдері тұрған», - деді Асылов.
Сондай-ақ бүгінгі мәжілісте Бас прокурор жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырудың жоғары дәрежесі байқалады. Жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың іс-қимылдары үйлестірілген мессенджерлер чаттарында. Алматы мен Жамбыл облысы бойынша қатысушылардың саны бірнеше сағат ішінде 4-5 мыңға жуық пайдаланушыға жеткенін айтып өтті. Бас прокурор өз сөзінде «жоғарғы басшылықты ауыстыруға бағытталған операция тыңғылықты жоспарланған. Шын мәнінде, мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет жасалды» деді. Сонымен қатар, қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан «Президент халыққа оқ атты» деген пікірдің мүлде теріс екенін атап өтті.
Берік Асылов Қаңтар оқиғасына қатысушыларға оқ президент Қасым-Жомарт Тоқаев ескертусіз оқ ату бергенге дейін атылғанын мәлімдеп отыр. Сонымен біргі сол кездегі қорғаныс министрі Мұрат Бектанов «заңсыз бұйрық берді және елді тәртіп орнату бойынша шара қолданбады» деді Бас прокурор.
P.s.Ел есінде қалатын қасіретті қаңтар оқиғасы енді егеменді елімізде қайталанбасын деп тілейміз. Тәуелсіздігіміздің тұғырын шайқаған қанды оқиғаға тікелей қатысты топтар заң алдында тиісті жазасын өтейтініндеріне еш күмәніміз жоқ. Мемлекетте төңкеріс жасамақ ниетте болған құрылымдар мен топтардан аса қатаң сақтануымыз керек. «Тентегіңді тимасаң, таяқ төбеңді теседі» деген қазақта сөз бар. Төбемізді теспей тұрған да тентегімізді тезге салуымыз қажет.
«Жаңа Қазақстан» құрамыз деп ұрандап жүрген ел тұтқасы іспеттес азаматтармен бірге болуымыз керек. Соларды қолдауымыз қажет. «Жаңа Қазақстан» аясында жастарымызды білімге, ғылымға, мәдениетке, жаңа техника мен технологияларды игеруге шақыруымыз қажет. Жастардың санасына ұлттық тәрбие мен құндылықтарымызды сіңіруіміз қажет. Сонда барып біздің Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы баянды болмақ.
Ел аман, жұрт тыныш, бауыр бүтін болсын!
Сауран Қалиев
Келесі мақала