Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әріптестері Қаңтар оқиғасында қаза тапқан сарбаздарды еске алды

Әріптестері Қаңтар оқиғасында қаза тапқан сарбаздарды еске алды
ашық дереккөз
Әріптестері Қаңтар оқиғасында қаза тапқан сарбаздарды еске алды
Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан сарбаздар еске алынды, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімде «Мәңгілік сапта» біркүндік еске алу іс-шарасы өтіп, бір минут үнсіздік жарияланды. Осыдан тура бір жыл бұрын Ұлттық ұлан сарбаздары Мадияр Қайсаров пен Айбат Аманов жаппай тәртіпсіздік кезінде жауынгерлік міндетін орындау барысында қаза тапқан еді.
Былтыр 5 қаңтарда халқымыздың басына қауіп төнді. Осы уақытта ұландықтар табандылығы мен қайсарлығының арқасында  тайсалмас беріктігін көрсете білді. Біз әскерилер жауынгерлік міндетімізді орындауға әрқашан дайын болуымыз керек. Сіздер халқымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында өздеріңізді құрбан етуге әзір болуға тиіссіздер, - деді Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары, халық қаһарманы, полковник Қайрат Үмбетов.
Айта кетейік, марқұм Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров президент Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған болатын.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар