Қырғызстанда фонограммамен ән айтуға тыйым салынды
Қырғызстанда 2023 жылдың қаңтарынан бастап фонограммамен ән айтуға тыйым салынды. Тиісті бұйрыққа Қырғызстан Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құжатта барлық мемлекеттік мәдени-ағарту мекемелері, атап айтқанда, театр, спорт мекемелері, филармония, концерттік зал, кинотеатр, клуб, мұражайлар, министрлік қарамағындағы кітапханаларда өткізілетін концерттердегі вокалдық қойылымдардың барлығында жанды дауыспен өнер көрсету керектігі айтылған.
Бұйрық 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Оның орындалуына жауапкершілік осы мекемелердің басшыларына жүктеледі. Бұйрықтың орындалуын министр қадағалайтын болады.
Ашық көздерден алынған фото