Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ғани Бейсембаев ҚР Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды

Ғани Бейсембаев ҚР Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды
Ашық дереккөз
Ғани Бейсембаев ҚР Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

 Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Астана, Ақорда, 2023 жылғы 4 қаңтар № 86 Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған. 1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі. 1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры. 1997-2000 жылдары — ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі. 2000-2001 жылдары — Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы. 2001-2006 жылдары — қосымша білім беру орталығының директоры.

2006-2020 жылдары — халықаралық білім беру орталығының бас директоры. 2006-2007 жылдары — техникалық-экономикалық колледж директоры. 2020 жылы ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды. 2020 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.

AR-AI АҚПАРАТ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар