Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

САРЫСУДА ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР ҚАРҚЫН АЛУДА

САРЫСУДА ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР ҚАРҚЫН АЛУДА
ашық дереккөз
САРЫСУДА ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР ҚАРҚЫН АЛУДА
Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адамдар бір – біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Халқымыз ежелден жомарттығымен танылған, мейірімділігімен ерекшеленген. Жаңа жыл қарсаңында ауданымызда қайырымдылық шаралары көптеп өткізілуде. Қайырымдылық шаралары негізінен әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, көпбалалы отбасылардың балаларын қолдауға бағытталған. Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтың бастамасымен аудандағы аудандағы мекеме және кәсіпорындардың қызметкерлері 80 отбасыға азық - түлік себетін таратып, қайырымдылық көрсетсе, Жаңатас қаласындағы орталық алаңда қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, қала тазалығымен айналысатын қоғамдық жұмысшыларға жаңа жылдық сыйлықтар үлестірді. Осы орталық алаңдағы игілікті шараға ат салысқан  «Казфосфат», «Асыл тұз», «ЕвроХим», «Жаңатас жел электр станциясы» сияқты аудандағы іргелі кәсіпорындар 100 отбасыға азық - түліктер таратты. Сонымен қатар, аудандағы қайырымдылық шаралардан тыс қалмайтын «Жарас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  50 отбасыға 1 қап ұн мен 5 литр сұйық майдан таратып, тұрғындардың алғысына бөленді. Жаңа жыл мерекесі балалар үшін үлкен қуаныш. Мереке қарсаңында аудан әкімі Марат Қырғызәліұлы аудандағы 97 интернат тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық құттықтау ұйымдастырып, сыйлықтар үлестірді. Жалпы,  аудандағы 2000 оқушыға  аудан әкімінің атынан сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер Мұрат Төлепбеков мүмкіндігі шектеулі 33 балаға мерекелік шара ұйымдастырды. Жаңа жылдық мерекелік дастархан жайып, барлық балаға сыйлықтар үлестірді. Ауданда қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, елдің алғысына бөленіп жүрген «Сарысу Аманат» қайырымдылық қоры да жаңа жыл қарсаңындағы осынау ізгілікке толы шарадан тыс қалған жоқ. Жаңатас қаласындағы 120 қоғамдық жұмысшыларға жаңа жылдық сыйлықтар берді. Қарттарын сыйлаған елдің болашағы қай кезде де даңғыл болмақ.  Аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов бастаған, құрамында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен жастар өкілдері бар бір топ аудан азаматтары Қаратау қаласындағы №3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып Қарттар үйіндегі қариялар мен аналарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, мерекелік дастархан басында сыйлықтар табыс етті. Қарттарға арнап концерттік бағдарлама ұсынды. «Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты. Расында, адамға ниет еткені тиесілі», – деген тағылымды хадис бар. Жақсы ниет әрқашан жақсылыққа жетелейтіні анық. Адам жанының ізгілігінен, рухани дүниесінің байлығынан шығатын осынау игілікті іс, ізгілікті шаралар өскелең ұрпақ үшін үлгі әрі тәрбиелік мәні зор.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар