Жаңалықтар
Қазақстаннан Дубайға билеттер арзандап, ұшақ саны артады - министрлік
- author AR-AY
- 28 желтоқсан, 2022
- 381
Қазақстаннан Дубайға билеттер арзандап, ұшақ саны артады - министрлік
Жаңажылдық мереке және оқушылардың қысқы каникулы кезінде Қазақстаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) ұшақтар саны артып, сәйкесінше билеттер құны арзандамақ, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті БАӘ-нің авиация билігімен бірлесіп, мереке күндері және каникул кезеңінде авиабилеттердің құнын төмендету мақсатында БАӘ-ге рейстер санын арттыру шешімін қабылдады», - делінген министрлік мәліметінде.
Атап айтқанда, 29 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 14 қаңтарға дейін «Fly Dubai» әуекомпаниясы Астана – Дубай және Алматы – Дубай бағыттары бойынша қосымша 10 рейсті орындауды жоспарлап отыр. Рейстер Б-737 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.
«Рейстер санының артуы ҚР мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өту маңызды», - дейді ведомстводан.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




