Жаңалықтар
Павлодарда өрттен 6 жастағы бала қаза тапты: оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды
- author AR-AY
- 22 желтоқсан, 2022
- 208
Павлодарда өрттен 6 жастағы бала қаза тапты: оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды
Павлодарда алты жасар бала өрттен қаза тапты. Оның анасы жансақтау бөлімінде жатыр.
Түнгі өрт 21 желтоқсанда сағат 01:03-те басталып, 4 пәтерлі тұрғын үйдегі 5 бөлмелі пәтер толығымен жанып кеткен. Жалын көршілес 2 бөлмелі пәтерге жайылған. Мұнда іргелес қабырға, ағаш төбе өртеніп, шатыры жартылай опырылған. Өртті сөндіруге 40 өртсөндіруші жұмылдырылды. Жалпы аумағы - 150 шаршы метр.
"Өрт сөндіру кезінде 2016 жылы туған ұл баланың мәйіті табылды. Жедел жәрдем дәрігерлері 39 жастағы әйел мен 60 жастағы үй иесін ауруханаға жеткізді. Сондай-ақ, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері 1985 жылы туған ер адамды оқиға орнында тексерді, ол ауруханаға жатқызуды қажет етпеді", - деді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.Қайтыс болған сәбидің анасы бірден жансақтау бөліміне жатқызылған.
"Әйел көміртегі тотығына қатты уланған. Ол үшінші дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр", - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.Өртенген пәтерде екі отбасы тұрған. Өрт кезінде ішінде 4 ересек адам мен 5 бала болған. Қайтыс болған баланың әкесі жұмыста болған. Қазір екі отбасы да туған-туыстарында, олар оқиғаға бейжай қарамайтындардан көмек сұрайды. Зардап шеккендердің көршілері мен таныстары киім-кешек, аяқкиім, азық-түлік жинау ұйымдастырған.
"Бұл жантүршігерлік қайғы. Кішкентай бала қайтыс болды, балалы екі отбасы құжатсыз, ештеңесіз көшеде қалды. Олар үшін қазір көмек маңызды", - дейді көршілер.Алдын ала болжам бойынша, өрт сымдардағы қысқа тұйықталудан шыққан. Өртке оранған үйден өртсөндірушілер 50 литрлік үш газ баллонын алып шыққан. Өрттен зардап шеккен отбасына көмек көрсетуге арналған деректемелер: Kaspi Gold: +7 777-651-66-25 - Александр Буркунов (қайтыс болған баланың әкесі)
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024