Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу мерзімі ұзарды

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу мерзімі ұзарды
ашық дереккөз
Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу мерзімі ұзарды
Бұрынғы мәдениет министрі, Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы елордалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Еске салайық, Арыстанбек Мұхамедиұлы биыл мамырдан бері қамауда.
"2022 жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы А.-ға қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты", - деді Астана сотының баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, ҚР Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу кезінде 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар