АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН ӨРКЕН ЖАЙЫП КЕЛЕДІ
Биыл облыста өнеркәсіп өндірісінде 778,9 миллиард теңгенің, ал ауылшаруашылығында 562,6 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Өсім 6,1 пайызды құрады. Аймаққа бұл кезеңде 343,6 миллиард теңгенің инвестициясы тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 3,5 пайызға жоғарылаған. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек айтып өтті.
– Ауылшаруашылық саласы тәуел сізд ік тің алғашқы жылдарында біршама қиындықтарды басынан өткерді. Бүгінгі таңда мемлекет деңгейінде қабылданған бағдарламалар мен жобалардың арқасында ауылшаруашылық саласының тамырына қан жүгіріп, қайта даму жолына түсті. Ауылшаруашылығына 32 миллиард теңге бөлініп, дақылдар 756,2 мың гектар алқапқа орналастырылып, егіс алқаптары өткен жылмен салыстырғанда 5,4 мың гектарға ұлғайған, – деді Қ.Мәдібек.
Оның айтуынша, аймақта мал басының өсуі ет өндірісінің артуына алып келген. Мәселен, биыл 1,7 мың тонна ет экспортталған. Бұдан бөлек ағымдағы жылы жалпы құны 17,9 миллиард теңгені құрайтын 14 инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы 281 жұмыс орнын құру көзделген. Осы салаға 14,8 миллиард теңгенің 10 инвестициялық жобасы іске қосылып, 179 адам жұмыспен қамтылған. Алдағы үш жылда 18 жобаны іске асыру жоспарлануда.
– Биыл 5,5 мың гектар алқапқа қант қызылшасы орналастырылып, 187,2 мың тонна өнім жиналды. Оның 117,2 мың тоннасы қант зауытына өткізіліп, одан 11 мың тонна қант өндірілді. Мемлек ет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулардың нәтижесінде алдағы жылы қант қызылшасы алқабын 10 мың гектарға жеткізу жоспарлануда, – деді Қанатбек Қайшыбекұл ы. Облыста суармалы алқаптың көлемі 179,2 мың гектарды құрайды. Халықаралық қаржы инстит уттары арқыл ы 35 миллиард теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда 25 мың гектар суармалы алқап қалпына келтірілген.
«Ж амбыл обл ысы тұрғындарының тұрмысын жақсарту» қанатқақты жобасы аясында аймақтың барлық елді мекенін қамту жоспарланған. Ол үшін республика бюджетінен 75,5 миллиард теңге қаралуда.
Облысымызда 87 мыңнан астам жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар. Бұл өткен жылд ың тиісті к езеңімен салыстырғанда 21,4 пайызға өскен. Олар 130 мың адамды жұмыс орнымен қамтып отыр.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 69 миллиард теңгеге 188 жоба қаржыландырылды.
Баған ы тұрақтанд ыру бойынша облыс халқына бүгінгі таңда 32 әлеуметтік павильон қызмет көрсетуде. Облыс бойынша ауылшаруашылық құрылымдарымен бірлесе отырып 532 жәрмеңке өткізілді. 17 мың тонна арзандатылған ауылшаруашылық өнімдері өткерілген.
Ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге 1,94 миллиард теңге бөлінді. Малдың саны 4,4 миллион басты құрады. Бұл республикадағы екінші көрсеткіш.
Нұржан ӘЛІШ
Келесі мақала