Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстандық банктерге «МИР» карталарын қабылдауға рұқсат берілді

Қазақстандық банктерге «МИР» карталарын қабылдауға рұқсат берілді
ашық дереккөз
Қазақстандық банктерге «МИР» карталарын қабылдауға рұқсат берілді
2022 жылғы 8 желтоқсанда реттеушілер АҚШ Қаржы министрлігінің бөлімшесі — Шетелдік активтерді бақылау басқармасынан (OFAC) хат алды, онда американдық ведомство «МИР» жүйесінің банк карталарын жеке тұлғалардың, атап айтқанда Ресейден Қазақстанға қоныс аударған азаматтардың күнделікті өмір сүруін қамтамасыз ететін операциялар жасау үшін пайдалануына қарсылық білдірмейті айтылды.  Бұл ретте, хатта осы төлем жүйесімен жасалатын операциялар Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту үшін оны пайдалануға жол бермеу мақсатында ерекше бақылауда қалатыны атап өтілген. Қазақстан Республикасының аумағында «МИР» жүйесінің төлем карталарын пайдалану мүмкіндіктері туралы түсініктеме беру үшін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандық банктердің өкілдерімен кездесу өткізді. Осылайша, қазақстандық банктер «МИР» карталары бойынша төлемдерді, аударымдарды қабылдауға, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін банкоматтар арқылы қолма-қол ақша беруді жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте, «МИР» жүйесіне қосылу туралы шешімді қазақстандық банктер өздерінің даму стратегиялары мен тәуекелдерді бағалаудың ішкі жүйелері негізінде дербес қабылдайды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар