Жаңалықтар
Алтай Көлгінов Үкіметте қандай мәселелерге жетекшілік етеді
- author AR-AY
- 9 желтоқсан, 2022
- 362
Алтай Көлгінов Үкіметте қандай мәселелерге жетекшілік етеді
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өзінің жаңа орынбасары Алтай Көлгіновтің алдында тұрған басым міндеттерді белгіледі. Ол Үкіметте әлеуметтік саладағы мәселелерге жетекшілік етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет сайтына сілтеме жасап.
Вице-премьер білім мен ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік жаңғырту, жұмыспен қамту, мәдениет пен спорт, туризм салаларын дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету, мемлекеттік тіл, демографиялық және көші-қон саясаты және т.б. мәселелерді бақылауына алады.
Әлихан Смайылов Алтай Көлгіновке жаңа лауазымда жұмысының табысты болуын тіледі.
Еске салсақ, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін 3 жыл Астана қаласының әкімі қызметінде болды.
Келесі мақала
Мемлекеттік қызметке тұрудың форматы өзгереді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026



