Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ІШІМДІК – ІНДЕТТЕН ДЕ ЖАМАН

ІШІМДІК – ІНДЕТТЕН  ДЕ ЖАМАН
ашық дереккөз
ІШІМДІК – ІНДЕТТЕН ДЕ ЖАМАН
Ащы суды құмарланып ішу – денсаулықты құртып қана қоймай, абыройдан да айырады. Ішімдік ішіп, есінен айырыла мас болып жүрген адамды ешкім құрмет тұтып, ақыл сұрамайды, жай ғана қатарда жүрген, бойында жаны бар демесең, ауыз толтырып тұлға деп айтуға келмейтін дәрежеге түседі. Мұндай өмір кімге ұнасын? Сондықтан да ащы суды ішпес бұрын өміріңізге тигізетін зиянын ойлаған абзал. Әрине, біз басқалардың өміріне араласып, ақыл айтудан аулақпыз. Дегенмен біз ұсынған азды-көпті мәліметтер кейбір адамдарға оң әсер етіп, ішімдікке деген ойының дұрысталуына септігін тигізсе, ең басты мақсатымызға жеткеніміз деп білеміз. Ішімдік ішкен сайын уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай, аурудың алдын алу қиын болып қалады. «Сұрап алған аурудың емі жоқ» демекші, қолдан құртқан денсаулықты қалпына келтіру қиындық тудырмай тұрғанда мүлдем зиянды әрекеттерге жоламай, қолдан келгенше саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысып, түрлі дәрумендер қабылдаған жөн. Бір қызығы, Қазақстан ішімдік ішуден 182 елдің ішінде 11-орында тұр. Бұл – жаға ұстатарлық жағдай. Сонда еліміздегі адамдардың басым көпшілігі ішімдікке әуес деген сөз. Олардың арасында жасөспірімдер де бар. Психологтардың айтуынша, көбіне 15-16 жастағы балалар мінездерінің құбылмалы болуына байланысты әр нәрсеге қызығушылықтары оянып, өз-өздеріне есеп бере алмай қалады. Соның салдарынан ішімдікке әуестеніп, темекі шегіп, тіпті нашақор болып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан да ата-аналар балаларына аса назар аударып, кіммен жүріп, немен айналысып жатқанын бақылауда ұстауы қажет. Ішімдік – жүйке уы. Денсаулықты құрту оңай, қалыпқа келтіру тіптен қиын. Қай кезде болмасын сымбатты, көрікті болғыңыз келсе, зиянды әрекеттерге мүлдем жоламаңыз.

Дүйсекүл Керімбаева, Тараз қалалық №6 емхананың бас дәрігері

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар