Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мектептердегі қауіпсіздікке назар аудармағандар жұмыстан шығады - Асхат Аймағамбетов

Мектептердегі қауіпсіздікке назар аудармағандар жұмыстан шығады - Асхат Аймағамбетов
ашық дереккөз
Мектептердегі қауіпсіздікке назар аудармағандар жұмыстан шығады - Асхат Аймағамбетов
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аппарат кеңесінде мектептерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды, деп хабарлайды Arainfo тілшсі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты нысандарды бейне бақылау жүйесімен, лицензияланған күзетпен, дабыл жүйесімен және турникеттермен жабдықтау ескерілген. Ірі қалалардағы орта білім беру ұйымдары бойынша республика аумағында 1351 нысан қамтылған. Мамандандырылған күзет қызметтерімен 83 пайызы шарт жасасқан. Бұл тұрғыда ең төмен көрсеткіш Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында байқалып отыр. Сонымен қатар, турникеттердің орнатылуы 63 пайыз деңгейінде. Осы бағытта ең төмен көрсеткіш Алматы қаласы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді», - деді Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев. Оның айтуынша, ел аумағындағы орта білім беру ұйымдарының 97 пайызында дабыл түймелері орнатылған. «Жалпы, білім беру мекемелерінде бейне бақылау жүйесі 100 пайыз орнатылған. Дегенмен олардың ішкі істер органдарының жедел басқару орталығына қосылуын қамтамасыз ету деңгейі еліміз аумағында 51 пайызды құрады. Бұл бағытта ең төмен көрсеткіш Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстарында байқалып отыр. Осы орайда білім беру ұйымдарындағы осы жағдайға назар аудару керек», - деді вице-министр. Оның сөзіне қарағанда, жыл соңына дейін аталған мәселені шешу керек. Бұл жұмыстар кәмелекетке толмағандардың құқықтарын қорғауға, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов кейбір өңірлердің әкімдіктері, білім басқармалары бұл мәселені тиісті деңгейде бақыламай отырғанын айтты. «Сондықтан бұл жұмысқа жауапты адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныс жасаймыз. Үкіметтің деңгейінде осы мәселені көтереміз. Жылдың соңына дейін аталған міндеттер орындалмаса, жауапты қызметкерлерді жұмыстан шығаруды талап етеміз. Балалардың қауіпсіздігіне баса назар аудару керек», - деді министр. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанның барлық мектептері бейнебақылау камералармен қамтамасыз етілген. https://www.inform.kz/kz/beynebakylau-dabyl-tuymesi-zhane-kuzet-mektep-kauipsizdigi-ushin-kansha-karazhat-bolinedi_a3806349
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар