Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бір тәулікте коронавирусқа 140 адам шалдықты – министрлік

Бір тәулікте коронавирусқа 140 адам шалдықты – министрлік
ашық дереккөз
Бір тәулікте коронавирусқа 140 адам шалдықты – министрлік
Өткен бір тәулікте Қазақстанда коронавирус 140 адамнан анықталды. Коронавирус пневмониясына шалдыққандар тіркелген жоқ. Arainfo тілшісі  бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Жалпы 6 желтоқсандағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан - 1 183 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан - 191 (КВИ-), барлығы 1 374 адам емделуде. Олардың ішінде 191 пациент стационарда, 1 183 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 5 адамның жағдайы ауыр, - 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, - 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 6 желтоқсанға дейін Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналардың I компонентімен 10 849 289 адам, II компонентімен 10 613 754 адам егілді. Ревакциналанды – 5 669 940 адам. Еске салайық, 4 желтоқсандағы бір тәулікте елімізде аталған індет 114 адамнан, коронавирус белгілері бар пневмония 3 адамнан анықталған болатын. Пневмониядан 1 адам қайтыс болды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар