Заң
                                    
                                        
                                            
                                        
                                                                                    
                                    
                                
                                Министрлік кредитін өтей алмай жүрген азаматтарға арналған заң жобасын таныстырды
- author AR-AY
- 1 желтоқсан, 2022
- 266
 
                                        Министрлік кредитін өтей алмай жүрген азаматтарға арналған заң жобасын таныстырды
                                Қаржы вице-министрі «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңның негізгі ережелерін» таныстырды, деп жазады Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы 5 қаңтарда жеке тұлғаларды банкрот деп тануды көздейтін заң жобасын әзірлеу жөнінде тапсырма берді. Осы заң жобасын әзірлеуге себеп болған – халықтың шамадан тыс кредиттік ауыртпалықтары мен жалпы азаматтардың едәуір бөлігі өздерінің қаржылық жағдайларының нашарлауымен бетпе-бет келгендігі. 1 қазандағы жағдай бойынша 1,4 млн адамның жалпы сомасы 1 449 млрд теңгені жететін 90 күннен астам мерзімі өткен несиесі бар (бір қарыз алушының максималды кешіктіруі ескерілді), - деді Қаржы вице-министрі Еркін Біржанов.Оның мәлімдеуінше, бес жылдан астам қарыздарына қарыздарын өтей алмайтын тұлғалардың саны 504 млрд теңге сомасында 365 мың адамға жеткен.
Біз рәсімдердің 3 түрін енгізуді ұсынып отырмыз. Барлық үш рәсімді тек борышкер ғана бастайды, яғни несие берушінің борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ, - деді спикер орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
                                                Келесі мақала
                                                
                                        






