Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тараз өңірлік университетіне жаңа ректор тағайындалды

Тараз өңірлік университетіне жаңа ректор тағайындалды
ашық дереккөз
Тараз өңірлік университетіне жаңа ректор тағайындалды
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне Мұхтар Байжұманов ректор қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі. 1965 жылы 3 наурызда Талдықорған облысында дүниеге келді. І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген. 1989 жылдан - Алматы облысы Көксу ауданындағы мектепте математика мұғалімі. 1991 жылдан - Талдықорған мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары, декан. 1997 жылдан - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылыми қызметкер. 1999 жылдан - Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде аға оқытушы. 2001 жылдан - ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінде бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы, комитет төрағасының орынбасары, 2010 жылғы қазаннан - осы комитет төрағасы. 2012 жылғы ақпаннан бастап Азаматтық авиация академиясының ректоры қызметін атқарып келген.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар