Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖҰМЫСШЫЛАР ТАЛАБЫ ЗЕРДЕЛЕНУДЕ

ЖҰМЫСШЫЛАР ТАЛАБЫ ЗЕРДЕЛЕНУДЕ
ашық дереккөз
ЖҰМЫСШЫЛАР ТАЛАБЫ ЗЕРДЕЛЕНУДЕ
23-25 қараша күндері «Қазфосфат» ЖШС «Қаратау» тау-кен өндіру кешенінің «Көксу» кенішінде жұмысшылар жиналып, басшылыққа айлықақыны көтеру секілді бірқатар мәселелер бойынша талаптарын жеткізген еді. Ал жұмысшылардың қойған талабы қалай орындалуда? Осы мәселеге қатысты өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев пен «Қазфосфат» ЖШС бас директорының орынбасары Ерсін Сариев баспасөз мәслихатын өткізді. – Жұмысшылардың қойған талаптары бойынша жергілікті атқарушы орган және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, аталған кәсіпорынның басшылығы жұмысшылармен кездесіп, жиынға қатысушылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда барлық көтерілген мәселелерді зерделеу мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылды. Оның құрамына кәсіподақ өкілдері мен облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров енді, – деді Еркін Құлымбайұлы. Ал «Қазфосфат» ЖШС бас директорының орынбасары Ерсін Берікұлының айтуынша, қазір кәсіпорын ырғақты жұмыс істеп тұр. Жұмысшылардың талабына сәйкес толыққанды ақпарат 28 қараша, яғни алдағы дүйсенбі күні жарияланатын болады. – Жалақы мәселесі үнемі біздің назарымызда. Былтыр жалақы 35 пайызға көбейсе, биыл 20 пайызға өскен. Қазіргі таңда ондағы орташа жалақы мөлшері – 250 мың теңге, – деді ол.

Нұрым БОЛАТҰЛЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Қараша
Алдыңғы мақала
Қараша

Ұқсас жаңалықтар