Әлеумет
Дипломмен ауылға: Шекараға жақын ауылдарға баратын мамандардың жәрдемақысы өседі
- author AR-AY
- 24 қараша, 2022
- 226
Дипломмен ауылға: Шекараға жақын ауылдарға баратын мамандардың жәрдемақысы өседі
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ауылға баратын жас мамандарға берілетін несие сомасы өсетінін айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Дипломмен ауылға» жобасы да жалғасып келеді. Біріншіден, ауылға баратын жас мамандарға үй алуға немесе жаңадан үй салуға берілетін несие сомасын өсіреміз деп жоспарлап отырмыз. Ол қазір 1 500 айлық есептік көрсеткішке тең. Енді, аудан орталығына 2 500 АЕК-ке дейін, ауылдар мен кенттер үшін 2 000 АЕК-ке дейін асырмақпыз. Екіншіден, шекараға жақын ауылдарға баратын жас мамандарға көтерме жәрдемақы бар. Қазір ол 100 АЕК болса, соны 200 АЕК-ке дейін өсіреміз», - деді Р. Скляр.
Оның айтуынша, бұл жобаға аудандық маңызы бар қалалар да қосылады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Роман Скляр «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру барысы жайында айтты.
Келесі мақала