Жамбыл жаңалықтары
Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы қызметінен кетті
- author AR-AY
- 23 қараша, 2022
- 456
Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы қызметінен кетті
Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангозов қызметінен кетті, деп хабарлайды Arainfo тілшісі. Бұл туралы ол фейсбук парақшасында мәлімдеді.
"Құрметті, әріптестер!
Бүгін, білім басқармасындағы басшылық қызметімді аяқтадым. Өте үлкен жауапкершілікті талап ететін білім саласында сіздер секілді тұлғалармен бірге жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын. Сонымен қатар, сіздерге айтар алғысым шексіз! Сіздермен бірге жан-жақты ұжымдық жұмысты көрсете алдық деген ойдамын. Жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесі шәкірттердің жетістіктерімен бағаланады емес пе?! Сондықтан жетер жетістіктеріңіз бен алар асуларыңыз көп болсын!
Ел болашағы – жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеу жолында атқарып жатқан жұмыстарыңызға тек сәттілік тілеймін", – деп жазды Б.Жамангозов әлеуметтік парақшасында.