Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сайлау – 2022: Баянды болашаққа жол ашатын маңызды қадам

Сайлау – 2022: Баянды болашаққа жол ашатын маңызды қадам
ашық дереккөз
Сайлау – 2022: Баянды болашаққа жол ашатын маңызды қадам
Еліміздің тарихы бүгін тағы бір елеулі оқиғағамен толығып отыр. Өйткені елімізде бүгін, 20 қараша – кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Тараз қаласында № 70 сайлау учаскесінде 2 879 дауыс иесі бар. Бір айта кетерлігі, өз жұмысын таңғы 07.00-де бастаған аталған сайлау учаскесіне күндізгі сағат 12.00-ге дейін дауыс берушілердің 500-і ғана келген. № 70 сайлау учаскесінің төрайымы Гүлбахира Бердімбетованың айтуынша, кешке дейін тұрғындардың шамамен 50-70 пайызы өз таңдауын жасайды деген болжам бар. – Биыл жасы 18-ге толуына орай 8 жас азамат алғаш мәрте дауыс беру құқығына ие болса, оның төртеуі өз таңдауын жасады. Ерекше қажеттілігі бар 12 адам болса, учаскенің 2 мүшесі үйден дауыс беретіндерге арнайы көлікпен сайлау жәшігін алып кетті. Үйде дауыс беретіндердің арасында өз аяғымен сайлау учаскесіне келе алмайтын зейнеткерлер де бар. Осында келіп дауыс бергендердің ең үлкені 85 жастағы әжей. Ол мұнда немересімен келіп, алғашқылардың бірі болып, өз таңдауын жасады, – деді Гүлбахира Камалқызы. № 70 сайлау учаскесінде «Жастар үні» мен «Жастар зерттеу» қоғамдық бірлестігінен, «Amanat» партиясынан және «Партиялық емес байқау орталығынан» өкілдер бақылаушы ретінде қатысып отыр. Біз дауыс беруге келген тұрғындарды сөзге тартып көрдік. Олар бұл сайлау бүгінгі және келер ұрпақтың тағдырына оң әсер ететінін сөзөтті. – Мен «Қаратау» шағынауданында тұрамын. Сондықтан № 70 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымды жасадым. Мұндайда ел азаматтары белсенділік танытуы тиіс. Себебі жұртшылықтың бүгінгі жасаған таңдауы қазақ елінің болашағының баянды болуына жол ашатын ең маңызды қадам деп білемін, – дейді тұрғын Мөлдір Сырымбетова.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар